Экономика

Түсімдер мен төлемдер молаяды

Ақтөбе қалалық мәслихатының  экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Рузия Айдашева, қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова, қалалық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары мен селолық округ әкімдері қатысты.

Аталған тұрақты комиссияның төрайымы Күлшат Масалимованың төрағалығымен өткен осы отырыста қалалық мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Көбеновтің, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Еркебұлан Сағынғановтың хабарламалары тыңдалды. Бөлім басшыларының мәлімдегеніндей, өткен жылдарда кіріс саласы бойынша болжамдық көрсеткіштерді айқындауда, салық салынатын базаларды кеңейтуде,кірістер деңгейін көтеруде қалада ауқымды жұмыстар жүргізілген.

Соның нәтижесінде өткен жылы кіріс түсімдері бойынша жылдық жоспар 100,6 пайызға орындалып,31 504,1 миллион теңгені құраған.

Ағымдағы жылы да салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары жасалды. Ол қала әкімінің өкімімен бекітілді.

Комиссия отырысының соңында депутаттар қаралған мәселелерге қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын білдірді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button