Әлеумет

Концертке келіңіз!

28 қаңтар күні Өнер орталығында «Қос жүректің лүпілі» атты концерт өтеді. Оған әйгілі Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, Қаділбек, Маржан  Омаровтар,  Мирас, Құралай Бекжановтар, Әділ Сіләмхан  мен Дана Маханбаева, Құрманбек Әлімғалиұлы мен Риза Қайырбайқызы,  Қайрат пен Жұлдыз Игіліковтер, Қанат,  Света Айтбаевтар секілді жұлдызды жұптар және Ұлықпан Жолдасов қызы Фаридамен бірге өнер көрсетеді.

— Кейінгі кезде Ақтөбеде көптеген өнер орындары ашылып жатыр. Біздің өнердегі достарымыз сол қуанышқа құтты болсын айтып келгелі отыр, — дейді кешті ұйымдастырушылардың бірі, белгілі әнші, облыстық мәслихаттың депутаты Света Айтбаева.

Қазір елімізде отбасы мәселесінің күрделі жағдайға түскенін жасыру мүмкін емес. Жұлдызды жұптар шаңырақ жылуын да насихаттамақ. Өздері де ырым қып алтын тойын атап өтіп жатқан Құдайберген Айтбаев пен Миуа Низамутдиновадан бата алмақ көрінеді.

Сонымен концертке келіңіз. Басталуы 19.00-де.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button