Әлеумет

Жаңа мүмкіндік

Ж О Л Д А У

Болашағын айқындап, сын-қатерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық жеңіске жетеді. Елбасы биылғы Жолдауының бірінші бағытында әлемде кезекті, төртінші өнеркәсіптік революция басталатынын айтты. Әрине, бұл ретте білім беруде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын жаңарту керек. Біз  металлург болғандықтан өндіріске қажетті кәсіби мамандардың қатары көп болғанын қалаймыз. Металлургия саласын дамыту барысында балқытушылармен қатар өндіріске аса  қажетті дәнекерлеушілер, қожшылар, дозалаушылар, кран машинист сияқты мамандарды дайындайтын кәсіби техникалық білім ордасының базалық деңгейі, оқыту бағдарламалары жаңартылуы керек. Олар заман талабына сай мамандарды дайындаса, біз сияқты  алып зауыт өкілдері олардың оқыған білімі мен біліктілігін өндірісте ұштастыра отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына мұрындық болар едік. Қашанда  Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жұмысшы мамандарды тәрбиелейтін мектеп іспеттес десем артық болмас. Өйткені қара металлургияның алғашқы қарлығашы болып саналатын зауытта жас жұмысшылардың маман болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған. Елбасының жолдауын басшылыққа ала отырып қара металлургияның өрістеуіне, экономикамыздың дамуына  еселі еңбектеріміз бен үлесімізді қосып, еліміздің дамыған елдердің қатарына қосылуы жолында аянбай еңбек етеміз.

Әбілқайыр СОТҚАРОВ, «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты №2 балқыту цехының басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button