БілімӘлеумет

Шалқарда студенттер жатақханасы ашылды

Шалқарда аграрлық-техникалық колледж жанынан 36 кереуеттік студенттерге арналған жатақхана ашылды. Оның ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева Ақтөбе қаласынан арнайы келіп қатысты.

Сөз кезегінде Ләззат Аманжолқызы білім саласына жүктелген жауапкершіліктің қашаннан да айрықша екендігін айтып, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауындағы білім саласына берілген басымдықтарға тоқталды. Студенттерге кәсіптік білім берумен қатар, жағдай жасаудың, соның бір көрінісі  жатақхана салып берудің игілікті іс екенін  қадап айтты.

Колледж директоры Жеткерген Елемес ұжымының жеткен жетістіктері мен алға қойған жоспарларын бөлісті. Құрылыс жұмыстарын жүргізген «Еркін и К» толық серіктестігінің өкілі Еркін Нұртазаұлы жатақхананың символикалық кілтін  табыстады.

Колледж  басшысы Ж.Елеместің айтуынша, оқу орнына  тиесілі ғимарат  жатақханаға лайықталып, «Жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен бөлінген 7,6 млн теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Бүгінде аталған білім ошағында 192 студент білім алуда. Олардың қатарында көрші аудандардан, ауданға қарасты барлық елді мекендерден келіп оқып жүрген жастар бар. Жыл санап осы жерден фермер, дәнекерлеуші, жол бригадирі, тепловоз машинисінің көмекшісі, вагон қараушы, тігінші, аспаз, құрылысшы, ағаш шебері, есепші сынды мамандықтарды оқығысы келетін жастардың қатары көбейіп келеді.

Сондықтан да бұл жатақханаға сұраныстың жоғары болары талассыз.

 Мұхтар КӘДІРБЕРДІҰЛЫ,

Шалқар ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button