Әлемде

Бортында 162 адам бар ұшақтың жарға құлағаны түсірілген видео пайда болды

Түркияда жолаушыға толы ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, жардың шетіндегі батпаққа барып батып қалды, оқиғаның видеосы Желіде тарап жатыр, – деп хабарлайды РИА Новости.
Sky News телеарнасының хабарлауынша, ұшақ Pegasus Airlines әуе компаниясына тиесілі, ол Анкарадан Трабзонға ұшып келген. Бортта 162 адам болыпты, ешкім зардап шеккен жоқ.
Жолаушылар эвакуацияланып, әуежай жұмысын жалғастырды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button