АуылӘлеумет

Сүт өңдейтін цех іске қосылды

Қосестек селосында сүт өңдейтін шағын цех ашылды. Бұл жобаны Еркін Өтегенов жетекшілік ететін «Қосестек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жүзеге асырды.

Кәсіпкер «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізу үшін 2016 жылы 6 миллион теңге несие алған болатын. Ол өз қаржысын салып, сондай-ақ аудандық әкімдіктің қолдау көрсетуімен тиісті инфрақұрылымдар жүргізілді. Атап айтқанда, электр желісі тартылып, газ, су жүргізілді, кәріс жүйесі іске қосылды.

Қазіргі уақытта қуаттылығы ауысымына 1 тонна өнім өндіруге қабілетті сүт өңдейтін жабдық алынды.

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі енді сүттен қаймақ, сүзбе және май өндіре алады.

— Біз үшін ең бастысы шикізат көлемін төмендетіп алмау. Мәселен, өткен жылы біз тұрғындардан 300 тонна сүт қабылдап, «Айс» ЖШС-на тапсырдық,— дейді Еркін Өтегенов.

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің алға қойып отырған жоспарлары аз емес. Бұрын жергілікті май зауытында шығарылып келген көпшілікке таныс пошехон ірімшігін дайындау технологиясын жаңғыртудың да сәті түсетіндігіне жергілікті тұрғындар сенеді.

Ауылдағы жақсы жаңалыққа сай ұйымдастырылған салтанатты шара барысында селолық округтің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жолдыбай Ысқақов пен көпшілік атынан Іңкәр Егібаева құттықтау сөз айтты.

Жалпы алғанда аудандық кәсіпкерлік бөлімінің деректері бойынша, өткен жылы ауданда 250 жаңа жұмыс орындарын құрылымдаумен 14 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны ашылған.

 Кәмшат БАЙХАНОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button