Құқық

Судьялықтан үміткерге көзқарасыңызды білдіріңіз

Ақтөбе облыстық соты соттардың беделін арттыру, олардың қызметіндегі жариялылықты, ашықтық пен демократиялық бастауларды кеңейте түсу жөніндегі шараларды жүзеге асыра отырып, біліктілік емтихандарын тапсырған және қалалық, аудандық соттардағы бос тұрған судьялық лауазым конкурсына қатысуға үміткер тұлғалардың іскерлік, кәсіби, жеке және моральдық қасиеттерін терең зерттеудің қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік қызметшілер — судьяларға мемлекеттік талапты күшейту, олардың кәсіби біліктілігі, отаншылдығы, тәртібі, моральдық және адамгершілік бет-бейнесі жөніндегі ұстанымдарды орындау мақсатында судьялықтан үміткерлердің тізімдерін жариялай отырып, жұртшылықтан аталған үміткерлердің әрқайсысы жөніндегі көзқарастарын, ұсыныс-тілектері мен сын-ескертпелерін күтеді.

  1. Жанжәбілова Іңкәр Жанжәбілқызы, 1982 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің құқық басқармасының бас маманы.

Ұсыныс-тілектеріңізді Ақтөбе қаласы, Сәтбаев көшесі, 2 «б» мекенжайында орналасқан Ақтөбе облыстық сотына жолдауыңызға немесе 70-48-61 телефонына хабарласуыңызға болады. Пікіріңіздің беймәлімділігі мен дербестігіне кепілдік беріледі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button