Ауыл

Өнім алтын фабрикасында өңделеді

Мұғалжарда өндіріліп жатқан алтынның шикізат өнімі енді Ресейде емес, өзімізде өңделетін болады. Осыған байланысты Алтынды ауылында алтын фабрикасының құрылысы басталып кетті. 

Қазақстанда алтын шығаратын 9 кен орны бар, соның бірі осы Алтынды елді мекенінде. Бұған дейін кен орнынан шығарылған шикізат өнімдері Ресейге жөнелтіліп, сол жақтан өңделетін еді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ықпалымен шағын елді мекенде үлкен фабрика салына бастады. Қолға алынға құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Оған қомақты инвестиция салынды. Ауқымды жоба іске қосылғаннан кейін 700-ге жуық жұмыс орны ашылып, ауданның салық түсімі де олжалы болмақ.

— Бұл — жергілікті тұрғындардың несібесі. Қай уақытта да біз жер асты қазба байлықтарын тиімді пайдалана білуіміз керек. Мұның барлығы елдің игілігі үшін, — дейді аудан әкімі Ербол Данағұлов.

 Әнуар ЕСҚАРА,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button