Спорт

«Футбол сабағының» тұсаукесері өтті

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласын қарасты Сазды ауылдық округінде орналасқан №66  мектептің спорт залында «Футбол сабағын жүргізу»  тұсаукесері өтті.

Бұл шараға Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов, «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры М.Тюмалиев, спорт ардагерлері, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

Жобаның басты мақсаты — балаларды футболға тарту, сондай-ақ балалар спорт мектептерінің футбол топтарындағы жасөспірімдердің шеберліктерін шыңдауға ықпал ету.

«Ақтөбе» футбол клубы Ақтөбе қаласындағы №22, 28, 35, 39, 53 және 66 мектепте «Футбол сабақтары» үшін қажетті құрал-жабдықтарға толық түгендеу жүргізді. Дене тәрбиесі мұғалімдері бұған дейін «Ақтөбе» футбол клубында теориялық және тәжірибелік семинарларда оқыды.

«Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары, сондай-ақ тәрбиеленушілері шеберлік кластарын өткізіп, балғындарды жаттықтыруға үлес қосады.

«Ақтөбе» футбол клубы мен Ақтөбе қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен  футбол чемпионатына қатысатын балалар арасында мектеп лигасы өтеді.

Бұл — Ақтөбеде толыққанды мектеп лигасын құрудағы алғашқы қадам.

Н.ДОСОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button