Әлемде

Әлем: 1 қаңтар

1622 жылы Папа канцеляриясы 1 қаңтарды жыл басы деп санау жөнінде шешім қабылдады. Бұған дейін жаңа жыл 25 наурыздан басталатын.

1788 жылы ағылшынның қазір әлемге мәлім «Таймс» газетінің алғашқы номері жарыққа шықты.

1801 жылы палермолық астроном Пиацци тұңғыш астероидты ашты. Кейіннен Церер деп аталған бұл аспан денесі — ең үлкен астероид.

1804 жылы Гаити Франциядан тәуелсіздігін жариялады.

1863 жылы АҚШ президенті Авраам Линкольн құлдықты жою туралы манифест жариялады.

1886 жылы Англия Бирманы басып алды.

1887 жылы Ұлыбритания ханшайымы Виктория Үндістанның императоршасы болып жарияланды.

1901 жылы Австралия Британияның боданындағы елге айналды.

1909 жылы Ұлыбританияда алғаш рет зейнетақы төленді.

1924 жылы Кеңес Армиясының басты басылымына айналған «Красная звезда» газетінің алғашқы номері жарық көрді.

1925 жылы Норвегия астанасының Христиания атауы Осло болып өзгертілді.

1935 жылы Түркияда фамилия енгізіліп, түрлі шендік дәрежелер (титулдар) жойылды.

1942 жылы 26 мемлекет Вашингтон декларациясына қол қойып, антигитлерлік коалиция құрылды.

1944 жылы музыкасын Александр Александров жазған КСРО гимні алғаш рет орындалды.

1947 жылы КСРО-да Жаңа жылдық мереке алғаш рет демалыс күні болып саналды.

1956 жылы Судан мемлекеті Египет пен Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялады.

1958 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық жұмысын бастады.

1959 жылы Фидель Кастро бастаған революциялық әскер Кубаның астанасы Гаванаға кіріп, диктатор Батистаны тақтан тайдырды.

1961 жылы КСРО-да ақша реформасы жарияланды.

1962 жылы Жаңа Зеландия Батыс Самоадан тәуелсіздігін жариялады.

1973 жылы Ұлыбритания, Ирландия мен Дания Еуропалық одақтың мүшелігіне өтті.

1980 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1980 жылдың 1 қаңтарынан әлем шешек ауруынан толықтай арылды деп жариялады.1960 жылы аталмыш аурудан 2 миллионға жуық адам қаза тапқан болатын.

1984 жылы Бруней Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялады.

1992 жылы Сербия мен Хорватия өз территорияларына Біріккен Ұлттар Ұйымының әскери күшін орналастыруға келісім берді.

1993 жылы Чехословакия мемлекеті екіге — Чехия мен Словакияға бөлінді.

1995 жылы Австрия, Финляндия мен Швеция Еуропалық одаққа мүшелікке қабылданды.

2002 жылы Еуропалық Одаққа мүше 12 мемлекет жаңа ортақ валюта – еуроға көшті.

2007 жылы Болгария мен Румыния Еуропалық одаққа мүшелікке қабылданды.

2007 жылы Словения ортақ валюта — еуроға енді.

2007 жылы Пан Ги Мун Бірікен Ұлттар Ұйымының жаңа — сегізінші Бас хатшысы болып сайланды.

2008 жылы Қырғызстанда біраз уақыттан кейін қағаз ақшаларды толығымен алмастыратын номиналы 10 және 50 тиындық, тағы да 1, 3, және 5 сомдық металлдан жасалған ақшалар айналымға енгізілді. Ақшаларды көрші республика үшін Қазақстандағы «Монета сарайы» атты республикалық кәсіпорын жасап шығарған.

2008 жылы Мальта мен Кипр ортақ валюта — еуроға көшті.

2009 жылы Словакия ортақ валюта — еуроға көшті.

2011 жылы Эстония ортақ валюта — еуроға көшті.

2014 жылы Латвия ортақ валюта — еуроға көшті.

2015 жылы Литва ортақ валюта — еуроға көшті.

2017 жылы Антониу Гутерреш Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы қызметіне кірісті.

КІМДЕР КЕЛДІ ӨМІРГЕ?

1449 жыл. Лоренцо де Медичи, Флоренция билеушісі, суретшілер мен ақындардың қамқоршысы.

1815 жыл. Шарль Ренувье, француз философы.

1823 жыл. Шандор Петефи, венгер ақыны.

1863 жыл. Пьер де Кубертен, барон, қазіргі заманғы олимпиаданың негізін қалаушы.

1879 жыл. Уильям Фокс, американ кинематографиясының негізін қалаушылардың бірі, 1915 жылы қазіргі «Fox Film» компаниясын құрған.

1879 жыл. Эдвард Морган Форстер, ағылшын жазушысы.

1919 жыл. Джером Дэвид Сэлинджер, америкалық жазушы.

1947 жыл. Юрий Титов, КСРО-ның №2 ұшқыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры.

БАҚ материалдары бойынша әзірленді.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button