АуылӘлеумет

Екі ауылдың қуанышы

Мереке қарсаңында Бершүгір және Байқадам ауылдарының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі, екі ауылда да бірден ауыз су желілері іске қосылды. Елді мекендердің жұртшылығы Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылы қолға алынған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты бағдарламасы аясында, еліміздің экономикасын, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдірді.

Аудан әкімі Бауыржан Қаниев елді мекендер тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Елбасының дара саясатының арқасында еліміздің өркендеу мен жаңару жолына түсіп, еңсеміздің жылдан-жылға биіктеп келе жатқанына тоқталды. Екі ауылға су желісін тартуда ыждағаттылықпен сапалы жұмыс атқарған мердігерлер «Элитстройсервис-Ақтөбе» ЖШС директоры Юсуф Умиров пен «Ерзат» өндірістік кооперативінің төрағасы Қаржау Әлиқұловқа Алғыс хаттар тапсырып, сый-сыяпаттар жасады.

Ел үшін атқарылған игі істерге Бершүгір ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Айдос Нұрадинов пен Байқадам ауылының ақсақалы  Сағынай Иманғалиев алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.

Қыдыралы ӘЛИН,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button