Спорт

Студенттер сайысы

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында облыс орталығындағы жоғары оқу орындары студенттерінен құралған командалар арасында волейболдан жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жоғары оқу орындары студенттері мен курсанттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.

Жарысқа Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің, сондай-ақ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командалары қатысты.

Шараға «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, запастағы полиция полковнигі Зәуреш Истляуп, Әлем және Еуропа чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңген жаттықтырушы «А-кай» мектебінің директоры Әшім Қали, КСРО спорт шебері, запастағы милиция полковнигі Арыстан Төлепберген, Қазақ КСР-ның спорт шебері, облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин,   Ақтөбе қаласы іскер әйелдер қауымдастығының өкілі Сәуле Дәулеталина, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Айдосов, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің мүшесі Санабай Рзабековтер қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша ер балалар арасында І орынды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы, ІІ орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы, ІІІ орынды М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы иеленсе, қыздар арасында І орынды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы, ІІ орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы, ІІІ орынды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің командасы иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

З.МҰХАНҒАЛИЕВА,

институттың тәрбие жұмысы бөлімінің

инспекторы, полиция капитаны.

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button