Ресми

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үзінді

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

«Отан» орденімен

Төлеуов Аманғос Сансызбайұлы — «Степное» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы.

  1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

«Парасат» орденімен

Сарибекян Гнел Левикович — «ИнтерСтиль» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

Шынтасова Сұлупан Панақызы — Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы.

II дәрежелі «Достық» орденімен

Ни Аркадий Юрьевич — «POKOC» компаниялар тобының бас директоры, Ақтөбе қаласы.

«Құрмет» орденімен

Ашықбаев Ертай Ахатұлы — облыстық «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары, Ақтөбе қаласы.

Байырханов Жандос Бақытбекұлы — Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

Бекенов Қайрат Әскербекұлы — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

Голубничий Алексей Алексеевич — «Голубничий А.А.»  ЖК басшысы, Ақтөбе қаласы.

Гончаров Евгений Владимирович — «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы.

Данағұлов Ербол Жеткергенұлы — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі.

Есенғұлов Тақталифум Сәдуұлы —  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, Ақтөбе қаласы.

Жолмағамбетова Дәметкен Сапарғалиқызы — «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

Ибраев Асан Сағынғалиұлы — «Ақбұлақ» АҚ президенті, Ақтөбе қаласы.

Итеғұлов Марат Серғазыұлы — «Айс» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

Каспранов Шамиль Гайнанович — «Нектар» ӨК төрағасы, Ақтөбе қаласы.

Қалқаманов Қайсар Жангелдіұлы —  «Энергия XXI» ЖШС директорының орынбасары, Ақтөбе облысының Қобда ауданы.

Қондыбаев Бауыржан Бақиұлы — «Ақжар Агро» ЖШС құрылтайшысы, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.

Пенза Игорь Евгеньевич  — «Соллерс» ЖШС директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Бажақанов Исмағұл Жаркетұлы — «Казхром» ТҰК», АҚ филиалы — Дөң тау-кен байыту комбинаты «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының  кеншісі, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.

Миненко Николай Андреевич — «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы — Дөң тау-кен байыту комбинаты «Молодежная»  шахтасының үңгуші кеншісі, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.

Нұғманов Серік Құлымжанұлы — «КазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы «Темір» АҚКП электргаздәнекерлеушісі, Ақтөбе облысының Темір ауданы.

«Ерлігі үшін» медалі

Бірлепесов Батырбек Әбдінабиұлы (марқұм) — «Сұлукөл ауылдық округі» ММ әкімі, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Адаев Аманжол Шүңгүлұлы — еңбек ардагері, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы.

Айтбаев Қанат Құдайбергенұлы — «Димаш-Али» студиясының директоры, Ақтөбе қаласы.

Әзіл Аманғали Шиланбайұлы — «Ғазиз-А» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Байғанин ауданы.

Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы — «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ басшысы.

Әмірова Ғалия — еңбек ардагері, Ақтөбе облысының Ойыл ауданы.

Бекмұхамбетов Ербол Жасұланұлы — «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» РМК ректоры, Ақтөбе қаласы.

Жұмабаев Бақберген Нәбиұлы — Алға ауданының мәслихат хатшысы,

Ақтөбе облысының Алға ауданы.

Қалқабеков Жеңісбек Әбітбекұлы — «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК директорының орынбасары,  Ақтөбе қаласы.

Латыпов Ғалымжан Мұхтарұлы — «Елек Алға» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

Таңатарова Ұштап Бақтығалиқызы — «Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» ММ мұғалімі, Ақтөбе қаласы.

Үдербай Нұрлан Мерғалиұлы — «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының директоры, Ақтөбе қаласы.

Цыба Ирина Гордеевна — Мәртөк ауданының  қоғам қайраткері, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы.

Шәкірбекұлы Бердібек — «КазСтройИнновация KZ» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы.

«Шапағат» медаліме

Агапов Евгений Николаевич — «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» РМК кафедра жетекшісі, Ақтөбе қаласы.

Нұрмұхамедов Салауат Ғұмарғалиұлы — «Восход-Оriel» ЖШС байыту фабрикасының басшысы, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

Гусева Ирина Викторовна — «№3 қалалық емхана» МКК кеңес беру диагностика бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласы.

Жұрымбай Ғалым Суханбердіұлы — «Миялытау» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы.

Құлынбай Тұрлыбай Құлынбайұлы — еңбек ардагері, Ақтөбе облысының Байғанин ауданы.

Прокопьев Леонид Яковлевич — «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының техникалық директоры, Ақтөбе қаласы.

Сатыбаев Ғабит Айдосұлы — «Боевое братство» оқшау соғысының мүшелері» ҚҚ директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы.

Тілеуғабылов Қажымұқан Ақшыманұлы — жеке кәсіпкері, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы.

 

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 5  желтоқсан.

№594

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button