Спорт

Колледждің қуанышы

Наурыз Ақтөбе политехникалық колледжінің ұжымы үшін ерекше сыйын ала келді. Биылғы оқу жылында құрылысы басталған жаңа спорт залының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Жаңадан ашылған спорт залының жалпы аумағы 720 шаршы метрді алып жатыр. Соңғы үлгідегі спорттық жабдықтармен түгел қамтылған. Киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлме, спорт бұйымдарын қоятын бөлме, дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары отыратын бөлме, бәрі бар.

Жаңа спорт залының салтанатты ашылу рәсіміне облыстық білім беру басқармасының бастығы А.Құдайбергенов, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы А.Құлмағамбетов, «Запказстройинвест» ЖШС бас мердігері Б.Қалмағамбетов, қалалық мәслихат депутаты А.Шахаров, бокстан әлем чемпионы, колледж түлегі Г.Жафаров және өзге оқу орындарының директорлары құрметті мейман ретінде қатысты.

Жаңа спорт зал колледждің өз қаражатына салынды. «Запказстройинвест» ЖШС құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтады.

Базаргүл СЕЙТЕНОВА,

колледж оқытушысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button