Спорт

Оныншы рет жеңімпаз

Спартакиада

Ақтөбе қаласы әкімдігінің командасы шағын футболдан облыстың он мәрте чемпионы атанды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты әрі қарай дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудандық, қалалық және облыс әкімдіктеріндегі мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан XVII облыстық спартакиада өтті.

Жарысқа 14 құрама команда қатысты. Ойындар Есет батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың футбол залында төрт шағын топта өткізілді.

Жартылай финалға Ақтөбе қаласы мен Мәртөк, Шалқар және Алға аудандары әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерінің 4 командасы шықты. Ақтық сында Ақтөбе қаласы әкімдігінің командасы Мәртөк ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, шағын футболдан облыстық спартакиаданың он мәрте чемпионы болды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button