Мереке

Сыйлықтар тапсырылды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қобдада«Қазақтың қайсар қыраны» атты мерекелік салтанатты жиын өтті.
Жиында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани жаңғыру бағытында жүзеге асырылған «Туған жерге тағзым» акциясына елеулі үлес қосқан азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады, бағалы сыйлықтар табыс етті. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

Сондай-ақ, бұл күні «Құт-береке дарыған Қобда» атты ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, арзан бағамен ет, балық, сүт өнімдері, бау-бақша өнімдері, мал азығы ұсынылды. «Золушка» кондитерлік цехының жаңа өнімдеріне арналған промо-акцияөткізілді.

  Өз тілшіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button