Мәдениет

Сағыныш — байқау жеңімпазы!

Аудан орталығындағы «Арай» мәдениет үйінде мерекеге орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі Мәди Елеусізов аудан тұрғындарын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Жиында еліміздің, оның ішінде шалғайдағы Ырғыз өңірінің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктері жайында баяндалды. Ел экономикасын өркендетудегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен оны жүзеге асыру жолындағы игілікті істер, батыл қадамдар төңірегінде сөз болды.

Жиын соңы «Елін сүйген, елі сүйген — Елбасы» атты мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Кешкілік «Арай» мәдениет үйінде «Жасасын Қазақстан, Елбасы бастаған!» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға аудан орталығынан бөлек, селолық округтерден 18 бен 25 жас аралығындағы жастар қатысты. Ән байқауында бірінші орынды Құмтоғай селолық округінен келген жас маман Сағыныш Бақытжанова иеленді. Ол «Қазақстан, алға!» әнін шырқаған болатын.

А.АРТЫҚОВ,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button