Білім

«Жемқорлыққа жол жоқ!»

Ақтөбе сервис колледжінде «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында оқушылар арасында флешмоб ұйымдастырылып, тәрбие сағаттары өтті.

Мақсаты — құқықтық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, еңбек дағдыларын және дүниетанымды кеңейту.

— Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар арасында тәрбие беру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Облыстық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен дәрістер ұйымдастырылып, «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Осы тақырыпта қабырға газеттері шығарылып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды, — дейді колледж директоры Гүлнар Сағатова.

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықты жою мақсатындағы мұндай шаралар Ақтөбе қаласындағы барлық орта кәсіптік білім беру ұйымдарында өткізілуде.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button