Спорт

Ақтөбеліктер көш бастады

Тоғызқұмалақ

Ақмола облысының Щучинск қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында тоғызқұмалақтан өткен еліміздің жекелей чемпионатында ақтөбелік ойыншылар топ жарды.

Чемпионатқа еліміздің барлық облысынан қатысқан 223 ойыншы үш топта, яғни 14-20 жасқа дейінгі спортшылар жекелей блиц және классика номинациялары бойынша сынға түсті.  Ұлдар мен қыздар қатысқан бәскелестік тоғыз турдан тұрды. Блиц номинациясы бойынша өткен жарысты 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Алмас Тілегенов ел чемпионы атанса, 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы бәскелестікте Мөлдір Серікқызы жеңімпаз атанды. Ал 16 жасқа дейінгі қыздар арасында Гүлжанат Алдабергенова блиц және классика номинациялары бойынша қола жүлдені қанағат тұтты.

Классика номинациясы бойынша А.Тілегенов  жеңіс тұғырынан көрініп, ел чемпионы атағына ие болып, дубль жасады. Яғни, блиц пен классика номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.

Чемпионатта жиырма жасқа дейінгі ойыншылар арасында Ақтөбедегі облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Азамат Қайдаров ел чемпионы атанды. Ол — ҚР спорт шебері, 2016 жылы жастар арасындағы Азия чемпионы, бірнеше мәрте республикалық жарыстардың жүлдегері.

Жастар чемпионатының қорытындысы бойынша 4 алтын, 2 қола медаль нәтижесімен ақтөбелік тоғызқұмалақшылар көш басында болды. Биылғы ресми жарыстардың қорытындысы бойынша да Ақтөбе облысы алда келеді.

Қ.НҰРШИН,

облыстың тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button