ЭкономикаӘлеумет

Он айдың көрсеткіштері

Статистика

Облысымыздың 2017  жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Жалақы

Үстіміздегі жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 125 333 теңгені құрады, сөйтіп, 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,8 пайызға өсті.

Нақты жалақы индексі 2016 жылғы III тоқсанға 101 пайызды құрады.

 Ақшалай табыстар

2017 жылғы II тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 69 134 теңгені құрады.

2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 3 пайызға өсті және нақты ақшалай табыстар 3,1 пайыз төмен.

 Инвестиция

Үстіміздегі жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 313 143,6 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылға сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26,9 пайызға көп.

 Өнеркәсіп

2017 жылғы қаңтар-қазанда  өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 220 421,2 миллион теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 4,4 пайызға өсті. Өндіріс көлемі өңдеу өнеркәсібінде — 8,1 пайызға,  электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда — 4,2 пайызға, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 2,9 пайызға артты.

 Ауыл шаруашылығы

Үстіміздегі жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 171 484 миллион теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 3,9 пайызға көбейді.

Заңды тұлғалар

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2017 жылғы 1 қарашаға 16 469 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,2 пайызға артты.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11 131 болып, тіркелгендер санына қатысты 67,6 пайызды құрады.

Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына қатысты 97,9 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96,9 пайыз құрады.

Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 13 711 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,6 пайызға артты.

 Жұмыссыздық

Биылғы жылғы қазанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 4,3 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 1 пайызы.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,1 пайызын құрады.

Сауда

Ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 462 883,3 миллион теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 7,9 пайызға өсті (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда көлемі 630 690,7 миллион теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 5,6 пайызға өсті (салыстырмалы бағада).

Биылғы жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 861 141,6 мың АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 47 пайызға көбейді, оның ішінде экспорт 381 059,8 мың АҚШ долларын құрады (50,5 пайызға көбейді), импорт 480 081,8 мың АҚШ долларын құрады (44,3 пайызға көбейді).

Тұтыну бағасы

Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы қазанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,7 пайыз құрады.

Бағалар азық-түлік тауарларға — 3,9 пайыз, азық-түлік емес тауарларға — 6,4 пайыз, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 4 пайыз өсті.

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы қазанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,2 пайызға жоғарылады.

 Жүк айналымы

2017 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 4988,2 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті.

Жолаушылар айналымының көлемі 13013,4 жүк-кмлометр құрап, 8 пайызға артты.

 Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button