Құқық

Медиацияның маңызы зор

Мемлекет басшысының республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасына сәйкес, Жоғарғы Сот медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтудің кезекті қадамы болып табылатын жеке санаттағы дауларды медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобасын іске қосты.

Аталған пилоттық жобаның мақсаты — кез келген даулы мәселені бітімгершілікпен, сотқа дейін шешу. Бұл — қазіргі сот жүйесіне өте қажетті жолдардың бірі. Дұрыс қолдана білсе, екі тарап та ерікті түрде бір мәмілеге келеді.  Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев халыққа жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 26,33-қадамдарында атап өтті.

Медиацияның артықшылықтары тараптар уақытын үнемдейді, себебі сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқалау, мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қымбат тұратын қызметі қажет емес.

Қазіргі кезде әлемде медиация тәсілі өте кеңінен таралған. Халықаралық статистикаға жүгінсек, барлық даулардың 40 пайызы медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 пайызы оң нәтиже көрсеткен.

К.ЕРКЕБАЕВ,

Ақтөбе гарнизоны әскери

сотының  бас маманы,  

сот мәжілісінің хатшысы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button