Білім

Үздіктерге стипендия берілді

Байғанин өңірінен шыққан Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықов атындағы орта мектепті бітіруші үш түлекке батыр атындағы стипендия берілді.

Қ.Жазықов атындағы алғашқы стипендия 2011 жылы тағайындалған болатын. Стипендияның алғашқы иегері  — Тоғжан Қоңыратбай. Ол Астанадағы Еуразия ұлттық университетін бітіріп шықты.

— Қожабай Жазықов атындағы стипендияның иегері атану — мен үшін үлкен абырой. Өңіріміздің батыр тұлғаларын әр кез мақтан етіп жүреміз. Үздік түлектерге осындай стипендия тағайындаған Жазықовтар отбасына зор алғысымды білдіремін, — деді Т.Қоңыратбай.

Биыл аталған мектептің үш түлегіне стипендия берілді. Олар — Нұрбек Маратов, Көркем Нәбиева және Динара Ерғалиева. Бұл түлектер қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университетінде, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде оқып жүр.

— Әкеміздің атындағы мектеп 1995 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Алтын белгі иегері атанған мектеп түлектеріне шәкіртақы тағайындау туралы шешім қабылдаған болатынбыз. Батырдың жауынгерлік жолындағы ерлігі ешқашан ұмытылмайды, — деді Қ.Жазықовтың қызы Лаура Жазықова.

Шара соңында Қ.Жазықов атындағы орта мектеп ұжымына Алғыс хат табыс етілді.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button