ЖаңалықтарРесми

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырғанлатынграфикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

  1. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

 Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан

№ 569 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы№569 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Латын графикасына негізделген қазақ тілі

ӘЛІПБИІ

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button