«Ақтөбе — құтты мекен»Жаңалықтар

Көпке қозғау салған жиын

Форумнан соң

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы бір жағынан ұрпақтар сабақтастығын қозғап, өскен орта, түлеп ұшқан мекенге оралу, сондай-ақ кең ауқымда алсақ партиоттық сезімді қозғау мәселелерін қамтиды.

Облыс орталығында өткен «Туған жер» республикалық форумының мәні ерекше болды деп ойлаймын. Мұнда жан-жақтағы ақтөбеліктер бас қосып, өздерінің туған жерге аңсап жеткендерін біліп отырдық.

Біздер, темірліктер, өзіміздің генералдарымызбен мақтанамыз. Кеңестер Одағы кезінде Жансен Кереевтің әскери салада қандай биік дәрежеге көтерілгенін көпшілік жақсы біледі. Ал кезінде оған еліктеген, ұқсағысы келген жастар аз болған жоқ. Соның бірі  Болат Жанасаев еді.

Журналистің отбасында өскен Болат Бақытжанұлы жас кезінен әскери адам болуды армандады. 1975 жылы Алматы жоғары әскери училищесін бітірген ол Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің қолбасшысы дәрежесіне дейін көтерілді. Шені генерал-майорға дейін өсті.

Оның туған жері — біздің Темір қаласы. Осындай ірі әскери қайраткердің Ақтөбедегі форумға ынтамен келіп, көпшіліктің ортасында жүруі, халықпен кеңінен пікірлесіп, облыс орталығындағы ірі өзгерістерге қуануы біздің де мақтаныш сезімімізді тудырды.

Басқасын айтпағанда, еліміздің тәуелсіздігі жылдарында қорғаныс күштерімізді нығайтудың басы-қасында жүрген осындай абзал азаматымыздың кейінгі жас буынға үлгі болуы, олардың жақсы істерге жігерлендіруі қандай абзал іс деп ойлаймыз.

Қазіргі уақытта Темір ауданынан шыққан көптеген түлектер қай жерде қызмет атқарып жүрсе де, елге жиі келіп тұрады. Олардың туған жерді түлетуге ынталы екенін көріп, соның өзіне марқайып қаламыз.

Ең бастысы — бұл форум көптеген азаматтардың ойына қозғау салды. Кейінгі кәсіпкер жастарымыз да аға буынның қозғалысын қолдайды деген ойдамыз.

     Нұрмұқан ӨТЕПОВ,

Темір аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button