Спорт

Шахмат жарысы: 20 команда, 120-ға жуық студент

Жақында   XVIII  облыстық  спартакиада  бағдарламасына сәйкес  шахматтан жарыс ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты — балалар мен жасөспірімдер  арасында шахматты насихаттау, дарынды  шахматшыларды анықтау, республикалық кезеңге команда  іріктеу. Жарыстың өтуіне «Ақтөбе-Дарын» өңірлік   ғылыми-тәжірибелік қосымша  білім  беру  орталығы  ұйытқы болды.

Сайысқа техникалық білім беру ұйымдарынан  20 команда, 120-ға жуық колледж студенті қатысты.

Ақтөбе қалалық «Гамбит» шахмат клубының жаттықтырушысы, І дәрежелі төреші Дмитрий Попов  жарысқа төрелік етті.

Жарыс қорытындысында ер балалар арасында Ақтөбе политехникалық колледжі жеңімпаз атанды. Ал қыздар арасында  C.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі І орынды иеленді.

Гүлсім КӘДІРБЕКҚЫЗЫ,

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button