Ресми

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел»

Республикалық конкурс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясы «Сыбайлас жемқорлықсыз ел — өркендеуші ел» жобасын іске асыруда.

Осы жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсы өткізіледі.

Жобаны іске асыру халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жоғарылатуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіруге, азаматтық қоғам институттарын, үкіметтік емес ұйымдарды, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға бағытталған.

Осыған байланысты, «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы карикатуралар салу арқылы халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мен құқықтық мәдениетін жоғарылату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемаларын зерделеуге бағытталған шығармашылық қызметті ынталандыру, Қазақстан Республикасында іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, заманауи қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблемаға жастардың назарын аудару, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.

Конкурсты өткізу шарттарын, жеңіске үміткерлерді конкурстық іріктеу критерийлерін, жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындау үшін Конкурс туралы ереже әзірленді. Аталған Ережемен «Нұр Отан» партиясының сайтында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының облыстық (қалалық) филиалдарының сайттарында танысуға болады.

Конкурстық жұмыстар конкурс туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 2017 жылғы 28 қарашаға дейін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратына (Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/1, 5-қабат, 511/3-кабинет), Партиялық бақылау департаментіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсы» белгісімен ұсынылады. Байланыс телефоны: 8-(7172)70-76-09. Партияның облыстық филиалы:  54-17-36).

Конкурстың қорытындылары 2017 жылғы 29 қарашада шығады.

Конкурс жеңімпаздары туралы ақпарат «Нұр Отан» партиясының сайтында орналастырылады. Жеңімпаздар салтанатты түрде марапаттау үшін «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалына шақырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button