Білім

Кешкі мектептің бір кеші

Жем қаласындағы ҚР ӘМ Қылмыстық атқару жүйесінің КА-168/5 мекемесі жанындағы жалпы білім беретін кешкі, ауысымдық мектепте де мерекелік кеш өтті.

Оқушылар «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында қабырға газеттерін безендіріп шығарды. Сынып жетекшілері әзірлеген викториналық сұрақтар бөлімінде  тапқырлары ұтқыр жауап берді. Өзара ұлттық ойындар ойнап, сынға түсті.

Шараға арнайы келген Жем қаласындағы Мәдениет үйінің әншілері — Жаңалық Үргенішбаев, Жұлдыз Бекерова, Бақытқали Жанесов халық әндерін орындап, ойын-сауықты қыздыра түсті.

Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шерипова және сынып жетекшілері Наурыз мерекесін ұйымдастыруда шеберліктерін көрсетті. Ал мектеп директоры Е.Шолтаев Наурыз мейрамымен барша халықты құттықтап, таланттардың ашылуына себепкер болған ұстаздарға, Мәдениет үйі ұжымына алғысын білдірді.

Лиза ТҰРМАҒАНБЕТОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button