МәдениетРухани жаңғыру

Назекен — республикадағы үздік кітапханашы

Байғанин аудандық  орталық  кітапхана  әдіскері   Назекен Мәтбаева «Жас  маман  ғаламшары»   республикалық  видео-конкурсында  бас бәйгені иеленді. Облыс  намысын  қорғаған Назекен «Үздік кітапханашы — 2017» атанды.   

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Бурабайда республикалық жас кітапханашылар форумы өткен болатын. Еліміз бойынша  аталған шараға 180 жас кітапханашы қатысты.

«Жас  маман  ғаламшары»  видео-конкурсының шарты бойынша жарысқа қатысушы кітапханашы  мамандығы, қазіргі  кітапхана  саласының  тыныс-тірлігі, сондай-ақ, кітапхананың  болашақтағы дамуы туралы өз ой-пікірін 3  минуттық  видеороликке сыйғызуы тиіс.

Форум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Үйренгеніміз көп болды. Жас кітапханашылар өзара тәжірибе алмасты, — дейді Назекен Мәтбаева.

Назекен  аудандық кітапхана  жүйесіне  қарасты  22  кітапхананың  жұмыс  бағытын  қадағалау, әдістемелік  көмек  көрсету, кітапханадағы  мәдени-көпшілік  шараларды  ұйымдастыру, кітапхана  есебін  дайындау  сынды  жауапты  жұмыстармен айналысады. Жас кітапханашының жетістігі жетерлік. Қызмет жолын енді бастаған жылы Ойыл ауданында өткізілген  мәдениет  және  өнер  қызметкерлерінің «Жастар көктемі» батыс аймақтық фестиваліне 3 адамнан құралған топ  болып барып, оның тобы бас  жүлде  алды. Сондай-ақ, өткен  жылы «Оқитын өлке» акциясы аясында  өткізілген «Дала сазының дарабозы» атты көрнекті ақын Есенбай Дүйсенбайұлы  атындағы облыстық  жазба  ақындар мүшәйрасында  ІІІ орын иеленді.

 Арайлым ҚАСЫМ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button