Мәдениет

Хиуаз Доспанова атындағы медальмен марапатталды

Жақында Атырау облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының шешімімен Өтеміс Әкім Халық Қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хиуаз Доспанова атындағы медальмен марапатталды.

Бұл марапаттың ақтөбелік азаматқа берілетін реті бар. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Өтеміс Әкім қазақтың даңқты батыр қызы Хиуаз туралы республикалық, облыстық газеттердің беттерінде бірнеше естелік мақалалар жариялады. Ұлы Отан соғысындағы ерлік жолын, соғыстан кейінгі бейбіт кезеңдегі еліміздің өркендеуіне сіңірген еңбегін кейінгі жастарға үлгі етіп ұсынды. Өйткені ол батыр қыздың ерлік жолын көп зерттеумен бірге, соғыстан кейін Қазақстан республикасының комсомол ұйымын басқаруға дейін жеткен Хиуазды жақсы білетін еді. Алматыда өткен алқалы жиындарда талай кездесіп, әңгімесін тыңдаған. Атырау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Қ.Резуанов қол қойған куәлік пен медальдің Өтеміс Ұлықпанұлына берілуі — ардагер ағаның осы еңбегін ескергендік еді.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button