Жаңалықтар

Облыста 24 786 адамды қамтыған 605 шара өткізілді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

Облыста 9-16 қазанда «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтары бірнеше бағыт бойынша аудандарды аралап, тұрғындармен кездесті.

Аталған жобаның бірінші бағыты — «Діни мәселелер және ауқымды түсіндіру жұмыстары» бағыты бойынша мамандар 114 шара өткізді. 5054 тұрғынға экстремизм идеологиясының зиянкестігі түсіндіріліп, Исламдағы Ханафи мазхабының мәні ашылды.

Сондай-ақ 167 дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушымен 25 кездесу өткізіліп, олар теологтар мен сарапшылармен әңгімелесті.

Бүгінгі күні атқарылған іс-шаралар нәтижесі бойынша 3 адам дәстүрлі исламға бет бұрып, 22 адам өз бағытынан айнуға ынталы екендігін жеткізді. Сондай-ақ аталған бағыт бойынша түзету мекемелерінде 69 сотталушының қатысуымен 8 шара өткізіліп, 121 әйел жамағатымен жұмыстар жүргізілді.

Екінші бағыт — «Бизнес ортаны дамыту» бағыты аясында аудандарда 1274 адамды қамтыған 44 іс-шара өтті. Шаралар аясында 23 тұрғынға көмек көрсетілді. Атап айтсақ,  А.Қиниятоваға қазан айының соңына дейін 930 000 теңге көлемінде субсидия берілсе,

«Керуенбаев», «Мұқанов» жеке кәсіпкерліктеріне «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 25-27 млн теңге көлемінде бюджеттік тапсырыс беруге көмек берілді.

Сондай-ақ бизнестің 3 субъектісіне шағын несие алу үшін тапсырыс құжаттарын дайындауға көмек көрсетілді. Олар: «Аңсар» ЖК — 1 млн теңге, «Жаная» ЖК — 2 млн теңге, «Рақым» ШҚ — 6 млн теңге.

«Мырза» шаруа қожалығының басшысы К.Тауановқа ірі қара малын сатып алу үшін Агронесиелік корпорация мамандарының көмегімен 2 млн теңге шағын несие алуға құжаттар дайындауға қолдау көрсетілді. Сонымен бірге «Найзбеков» ЖК 40 қап мал жемін төмендетілген бағамен өткізуге «Ақжар Агро» ЖШС-мен келісім жасалды.

Іс-шаралар аясында семинар, тренингтер ұйымдастырылып, 356 адам оқудан өтті.

Хромтау ауданында «Бизнес бастау» курстары жүргізіліп, 60 адам қамтылды.

12 жобаны жүзеге асыру аясында 125,3 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Сонымен қатар жоба аясында жұмыс тобының мүшелері 77 бизнес орнында болып, оның бесеуіне көмек берілді.

Жобаның үшінші бағыты — «Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты бойынша 83 шара өткізіліп, оған 2833 тұрғын қатысты. 330 адамға көмек берілді. Сондай-ақ  5 «Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясы шеңберінде 19 азаматқа көмек көрсетілді.

Сонымен қатар жұмыс тобының мүшелері 322 адамның үйін аралады. Олардың қатарында 87 мүгедек, 1960 жылы туған 25 әйел, 17 этникалық қазақ, т.б. бар.

193 аз қамтылған отбасына «Өрлеу» бағдарламасына қатысудың тәртібі түсіндіріліп, 19 адамға әртүрлі көмек көрсетілді.

75 жұмыссызбен жұмыс жүргізіліп, кеңестер берілді. Нәтижесінде 28 адам еңбекпен қамтылды.

Еңбек заңдарын түсіндіру мақсатында 339 жұмысшыны қамтыған 22 еңбек ұжымымен кездесу өткізілді. 41 еңбек шарты жасалды.

Облыс дәрігерлерінің қатысуымен 12 шара өткізіліп, 1558 тұрғын қамтылды. 12 ота жасалды.

Төртінші бағыт — «Ақпараттандыру жұмыстары» бағыты бойынша 1218 адамды қамтыған 230 шара өткізілді. Әртүрлі заңсыз 67 дерек тіркеліп, шаралар қолданылды. Сонымен қатар жұмыс топтарының қатысуымен 38 қарсы насихат жасаушы бейнероликтер көрсетіліп, 196 071 адам қамтылды.

Жобаның бесінші бағыты — «Лаңкестік қаупіне дайын болу, өзара әрекет және күш блокты нығайту» бағыты бойынша 14 270 адамды қамтыған 117 шара өткізілді. 34 тұрғынға көмек көрсетілді.

Облыс тұрғындарымен лаңкестік жасалғанда және қауіп төнгенде адамдарға өздерін қалай ұстауы керектігі жөнінде дағдыларды қалыптастыруға бағытталған 20 кездесу өткізіліп, нәтижесінде 9 мың адам қамтылды. Сондай-ақ 338 адамды қамтыған лаңкестікке қарсы 7 оқу-тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

901 тұрғынның қатысуымен 7 «Қару» және «Мигрант» жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп, 7 бұзушылық анықталып, 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алтыншы бағыт — «Экстремизм мен лаңкестікті қаржыландырудың жолын кесу» бағыты бойынша аудандарда 137 адамды қамтыған 17 шара өткізілді.

Бүгінгі күні жоба аясында жалпы саны 605 шара өткізіліп, 24 786 адам қамтылды. 387 тұрғынға әртүрлі көмектер көрсетілді.

Айя АЙДАРОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button