Спорт

Ақтөбелік палуан әлем чемпионатына жолдама алды

Жақында Алматы облысы Талдықорған қаласында Социалистік  Еңбек ері Зылиқа Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті. Жарысқа 260-тан аса палуан қатысты. Жарыстың негізгі ерекшелігі — тек қана 23 жастағы палуандар қатысады. Олар 125 келі салмақ бойынша сынға түседі. Осы сайыста Еркін Ізбасаровтың шәкірті Жүсіп Батырмырзаев қарсыластарын жеңіп, қараша айында Словакияда өтетін әлем чемпионатына жолдаманы ұтып алды.

— Чемпионаттың алдында конфедерацияның кубогы болады. Содан кейін Польшада оқу-жаттығу өтеді. Ал қараша айында Жүсіп әлем чемпионатына қатысады. Палуанға жарақаттан аман болып, елге тек жеңіспен оралуына тілектеспіз, — деді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Құсман Саванаев.

Жүсіп Батырмырзаев бұл сайыста жолдама алған жалғыз палуан екенін айта кеткен жөн.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button