Әлеумет

Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі

18 қазан — Рухани келісім күні 

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Рухани келісім күніне орай «Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі» атты дөңгелек үстел өтті.

Кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын түсіндіруге және жастар арасында елжандылықты қалыптастыруға бағытталған бірқатар шаралар өткен-ді. Соның бірі — осы дөңгелек үстел. Аталған шараға қатысушылар «Ұлттар достығы — татулықтың тал бесігі», «Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сенімді ақта, ел болашағы — жастар!» тақырыптарын тереңірек ашып және еліміздегі рухани келісімді одан ары нығайту жолдарын талқылап, пікір алмасты.

Өз кезегінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанындағы корей тілі орталығының директоры С.Шимон бейбітшілік бар жерде береке жүретінін, жақсылық, ізгілік, мейірімділік сынды ізгі қасиеттерді ұлықтауымыз қажеттігін айтса, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Ә.Төлеубай рухани ізгіліктерді қадір тұтқан біздің елде өзара келісімнің негізі қалыптасқанын білдіріп, жастардың діни сауаттылығына назар аудару керектігін атап өтті.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button