АуылӘлеумет

Кәсіпкер өзі оқыған мектепке сый жасады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Туған жерге тағзым» акциясы облыс аудандарында да жалғасып жатыр.  

Қарғалы ауданынан  шыққан кәсіпкер азаматтар өздері өсіп-өнген өлкеге көмек қолдарын созды. Кемпірсай ауылдық округіне қарасты Қарабұтақ ауылында туған, бүгінде белгілі кәсіпкер Серік Сарин туған жеріне келді.

Серік Сарин Алматыдағы халық шаруашылығы институтының экономика-қаржы саласы бойынша білім алған. Кейін еліміздің Қаржы министрлігінде 20 жылдан аса еңбек етсе, Президенттің іс басқармасында 15 жыл қызмет еткен.  Бүгінде еліміздегі шағын бизнесті дамытуға үлес қосып жүр.

Кәсіпкерді ауыл тұрғындарымен бірге аудан әкімі Рахат Сыдықов бастаған жергілікті билік өкілдері қарсы алды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі арнайы шара ұйымдастырды. Кітапхана директоры Несібелі Ағытаева кәсіпкерге  жергілікті фототілші Арман Бисекеновтің «Жылдар мен адамдар» атты кітабын сыйға тартып, ауданның жетістіктерін айтып берді. Өнерлі жастар би билеп, ән салды.

Жиын соңында Серік Сарин ауылдастарының ыстық ықыласына ризашылығын білдірді. Ауыл мектебіне 2 ноутбук, кітапханаға түрлі түсті принтер сыйға тартты. «Жүректен шыққан маржандар» атты жыр жинағын қатарластарына  естелікке таратты.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button