ЖаңалықтарЭкономика

Жаңа өндіріс орны ашылады

Дөңгелекті тіркеме техникасын шығаратын «Назар Трейлер» ақтөбелік кәсіпорны өз өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Aktobe Invest -2017» форумы аясында ұйымдастырылған ақпараттық тур барысында белгілі болды.

Мекеменің өндіріс жөніндегі директоры Ерлан Әбдіғапардың айтуынша, бензовоз өндірісін көздеген жаңа жоба «Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасымен қаржыландырылып, жүзеге асырылады.

— Бірінші цехтың құрылысына біз «Даму» қорынан 170 миллион теңге несие алғанбыз. Төрт жылдың ішінде ішкі нарықты техникамен қамтамасыз етіп, енді келесі жобаны игермекпіз. Екінші несиені «Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы арқылы аламыз. Жаңа цехтың құны — 800 миллион теңге. Қуаты — жылына 250 бірлік. 2018 жылы аталған цехты іске қосу жоспарланған, — дейді Е.Әбдіғапар.

Өнімді ішкі нарыққа және ТМД елдеріне  шығару жоспарланған.

Н.ДӘУІРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button