ЖаңалықтарСпорт

Ғарышкер Лончаковтың жүлдесі үшін жарыс өтті

Ашық турнир

14-15 қазанда Ақтөбеде таэквондодан жасөспірімдер арасында облысымыздың құрметті азаматы, ұшқыш-космонавт Ю.В.Лончаковтың жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир өтті.

Турнир облыс әкімдігі, сондай-ақ республикалық және облыстық WTF таэквондо федерацияларының ұйымдастыруымен өтіп отыр. Ашық турнир болғандықтан, жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен, өз облысымыздан бірнеше команда қатысумен қатар, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдерінен де жас спортшылар келді.

Көрермендер жарысты Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында тамашалады. Алғашқы күні — 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында әрқайсысынан 10 салмақ бойынша, ал кеше 12-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында да әрқайсысынан 10 салмақ дәрежесі бойынша сайыстар өтті, яғни екі күн ішінде 40 жеңімпаз анықталды.

Жарыстың бас төрешісі Олимпиадаларда қазылық еткен ресейлік төреші Андрей Чигай болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, Кубоктар, сондай-ақ ғарышкер Ю.В.Лончаковтың атынан естелік сыйлықтар табысталды.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button