Білім

«Ғылым» және 12 үздік жоба

Ақтөбе политехникалық колледжінде «Ғылым фестивалі» өтті.

Фестивальға қатысушылар өздерінің жобаларын ғылымның жаратылыстану және гуманитарлық салалары бойынша қорғады. Олардың ғылыми жобаларын сараптап, саралауға қаламыздағы іргелі оқу орындарынан профессорлар, ғылым кандидаттары, аспиранттар шақырылды. Оларды бастап келген — кіші Ғылым академиясының Ақтөбе филиалының директоры, медициналық ғылымдарының кандидаты, профессор Төленді Кәрімов.

Былтырғы ғылым фестиваліне қарағанда қатысуға тілек білдірген талапкерлердің саны биыл екі есе көп болды. Қатысқан 56 оқушының ішінен 12-сінің ғылыми жобалары үздік деп танылды. Тағы 12 оқушы «Ең үздік өнер тапқыш», «Ең үздік зерттеуші» секілді номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды.

Осы фестивальдан үздік шыққандар 28-29 наурызда өтетін ХIII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жолдама алды.

Жастарды ғылымға баулуда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Айтмұқатов пен колледждің ғылыми жұмысын ұйымдастырушы Г.Сүлейменованың еңбектері зор. Мәселен, былтыр біздің оқу орнымыздың 8 оқушысы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жүлдемен оралды.

Б.СЕЙТЕНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button