Мәдениет

Ән қалықтаған кеш

Атаулы күн

Ақтөбе қалалық «Геолог» мәдениет үйінде мүгедектер күніне орай «Өмір сүйген жандар» атты мерекелік кеш өтті.

Шарада Қарғалы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Гүлсім Омарова мен «Геолог» мәдениет үйінің директоры Сағынтай Қалиев құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарға жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік кешке Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының мүшесі Эрик Ибрагимов арнайы келіп қатысты.

Шарада мүгедек жандарға арнап үлгілі «Арай» би ансамблі би билеп, талантты жастар Ұлан Досмұратов «Мереке», «Қазақстан — өз елім», Алтынбек Жаңбырбаев «Асыл ардағым», «Көркем-ай» әндерін орындады.

Сондай-ақ Эрик Ибрагимов ортада «Жан досым», «Помолимся за родителей» әндерін шырқап, «Асыл әжелер» халықтық ән ансамблі Шәмші әндерінен попурри айтты.

Мерекелік шарада Г.Басығараева, Ж.Қасымов, Д.Губайдуллаев, Е.Маханбеттер ортада өнер көрсетіп, «Қобызшылар» ансамблі көрермендерге попурри ұсынды.

Д.ТАУАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button