Ауыл

Жол бойындағы жаңа дәмхана

Ырғызда кәсіпкерлердің ықпалымен тұтынушының талабына сай қызмет көрсететін жаңа ғимараттар бой көрсете бастады. Соның бірі — Самара-Шымкент тасжолы бойында салынған дәмхана.

Есболғановтар отбасы иелігіндегі «Айнагүл» дәмханасы бастапқыда шағын болатын. Кейін осы әулиеттің қызы Жанна Есболғанова әкесінің бастаған ісін жалғастыруға мұрындық болады. Бұл шаруада Жаннаға анасы Лиза Өтемәмбетова мен бауырлары қолдау білдірді. Олар дәмхананың ескі ғимаратының жанынан жаңасын тұрғызып, бүгінде оны пайдалануға да берді.

Жаңа ғимараттың бір бөлігі шығыстық стильде жасақталса, енді бір бөлігі еуропалық үлгіде жабдықталған. Қымбат аспалы шамдары жарқырап, заманауи құрылыс материалдарынан бой көтерген дәмханаға келушілер де көп. Мұндағы ас мәзірі де жолаушылардың көңілінен шығып жатыр.

Дәмхана орналасқан алаңда жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Тіпті мұнда жатын бөлме мен жуынатын, кір жуатын орынға дейін жасақталыпты. Келушілерге қызмет көрсететіндер үшін де арнайы бөлмелер қарастырылған.

А.СЕРІКОВ,

Ырғыз ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button