Білім

Лицей мектепке келді

Өткен аптада қаладағы №5 мектептің  жоғары сынып оқушылары №3 кәсіптік лицей мамандарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу «Жеке тұлғаға кәсіби бағдар беру мен кәсіби ынтасын арттыру» атты тақырыпта өтті.

Аталған шараның мақсаты — түлектердің мамандықты дұрыс таңдауына бағыт беру, оқушылардың  қажетті кәсіптік мамандыққа деген қызығушылығын арттыру. Кездесуде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н. Орынбасарова мен Қ. Еспағанбетова «Мектеп түлектерінің еңбекке орналасуы туралы салыстырмалы көрсеткіш» және «Жеке тұлғаға кәсіби бағдар беру мен кәсіби ынтасын арттыру» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ осы бағытта жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталды. Ал №3 кәсіптік лицей маманы Надежда Шадуро лицейдің оқу жүйесімен таныстырды. Өз кезегінде ата-аналар мен оқушылар сұрақ қойды. Алдағы уақытта басқа да кәсіптік лицей мамандарымен кездесулер ұйымдастырылады.

Гүлдана САРИНА,

бастауыш сынып мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button