Ауыл

Армандар орындалады!

Концерт

Осындай атаумен өткен аптада Шұбарши клуб үйінде қайырымдылық концерт өтті.

Шұбарши ауылдық округі әкімдігі мен Шұбарши клуб үйінің ұйымдастыруымен өткен шарада балаларға мерекелік дастарқан жайылып, өнерпаздар ортада өнер көрсетті.

Шарада Шұбарши ауылдық округінің әкімі Азамат Өсербаев қамқорлық пен қолдауға мұқтаж жандарға жылы лебізін білдіріп, тілегін айтты.

Шұбарши клуб үйінің қызметкерлері мен Шұбарши орта мектебінің өнерпаздары әсем әндері мен билерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара аясында балаларға арналған тренингтер ұйымдастырылып, ойындар ойнатылды. Әкімшілік тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлықтар табысталды. Қайырымдылық концертінен кейін ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Жанат ИМАНҚҰЛОВА,

Шұбарши клуб үйінің қызметкері.

Темір ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button