Спорт

Ақтөбеде «Жеңіс» спорт орталығы ашылды

Ақтөбе қаласындағы №60 орта мектептің жанынан «Жеңіс» спорт орталығы ашылды.

Аталған спорт орталығы мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортқа баулу, жалпы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданы тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау мақсатында ашылды.

«Жеңіс» спорт алаңының жалпы ауданы — 500 шаршы метр. Орталық мектеп ғимаратының төменгі бөлігінде орналасқан. Мұнда тренажер, шығыс жекпе-жегі, бокс және күреске арналған кең жаттығу залдары бар.

Мектеп директоры Абзал Тәжімішевтің айтуынша, жазғы демалыс кездерінде мектептегі ер мұғалімдер өз еріктерімен әрі ақысыз осы орталықтың ашылуына атсалысқан.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі арқылы шамамен 3 миллион теңгеге спорт орталығының ішіне қажетті құрылғылар мен мүліктер алынған.

А.Тәжімішев орталықта спортпен шұғылданғысы келетіндерге барлық жағдай жасалғанын айтты. Мәселен, ата-аналар балаларын кез келген секцияға беріп, сол уақытта өздерінің де орталықтағы жаттығу залында шынығуына мүмкіндігі бар.

«Жеңіс» спорт орталығы демалыстан басқа күндері ертеңгі сағат 8.00-ден кешкі сағат 11.00-ге дейін үздіксіз жұмыс істейді.

Арман СЕРІКОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button