Ресми

Үгіт баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орындар белгіленді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, шығып қалғандардың орнына қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт баспа материалдарын орналастыру орындарын белгіледі.

№11 қалалық сайлау округі бойынша:

  • Бейбітшілік даңғылы, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «облыстық «Алақай» қуыршақ театры мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанында, қалқа-стенд.

№13 қалалық сайлау округі бойынша:

  • Есет батыр көшесі, 69 мекенжайы бойынша орналасқан «Акватория Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Акватория» дүкені жанында, қалқан-стенд;
  • Есет батыр көшесі, 73 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақтөбе гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанында, тумба.

№17 қалалық сайлау округі бойынша:

  • Пацаев көшесі мен Сәңкібай батыр даңғылының бұрышында, қалқан-стенд.

№22 қалалық сайлау округі бойынша:

  • Кеңес Нокин ауылында орналасқан «Благодар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жанында, қалқан стенд.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына сәйкес шығып қалғандардың орнына қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен кездесуіне:

  • №11 қалалық сайлау округі бойынша №26 орта мектептің акт залы (Бейбітшілік даңғылы, 47);
  • №13 қалалық сайлау округі бойынша, Ақтөбе мұнай және газ колледжінің акт залы (Маресьев көшесі, 10);
  • №17 қалалық сайлау округі бойынша №1 орта мектептің акт залы (Гришин көшесі, 72/3);
  • №22 қалалық сайлау округі бойынша Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің акт залы (Кеңес Нокин ауылы) беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығып қалған Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы

ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 104 бабына сәйкес округтік сайлау комиссияларымен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар болып тіркелді:

 

№11 сайлау округі бойынша:

 

Жуматасов  Еркебулан  Ертореевич, 1985 жылы туған, қазақ, «Восток-нефть и СО» ЖШС бұрғылаушы, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Сакиев Аманбай Смайелович, 1964 жылы туған, қазақ, «Трансэнерго» АҚ басқарма төрағасы, Ақтөбе қаласында тұрады, «Нұр Отан» партиясы;

Суюнов Нуртуган Қыдырбергенович, 1977 жылы туған, қазақ, уақытша жұмыс істемейді, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

 

№13 сайлау округі бойынша:

 

Гончаров Юрий Владимирович, 1978  жылы туған,  орыс,  қоғамдық қызметкер, Ақтөбе қаласында тұрады, «Нұр Отан» партия;

Дмитриенко Лилия Анатольевна, 1973 жылы туған, орыс,  жеке кәсіпкер, Ақтөбе қаласында  тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Какабадзе Валентина Ивановна, 1952 жылы туған,  орыс,  зейнеткер,  Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

№17 сайлау округі бойынша:

 

Бактыгалиева Айнура Кайсаровна, 1981 жылы туған, қазақ, «Life4Job» ЖШС  директор орынбасары , Ақтөбе қаласында тұрады, «Нұр Отан» партиясы;

Рыскалиев Бекзат Коныскалиевич, 1995 жылы туған, қазақ, «Атамекен нан -2000» ЖШС дәнекерлеуші, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Сабиров Есенгали Зинельгабиденович, 1952 жылы туған, қазақ, зейнеткер, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

№22 сайлау округі бойынша:

 

Татимов Ерлан Аскарович, 1966 жылы туған, қазақ, қызметкер. МКҚК Ақтөбе облыстық туберкулезге  қарсы  диспансері бас дәрігері, Ақтөбе қаласында тұрады, «Нұр Отан» партиясы;

Тлеугабылова  Салтанат Шанжархановна, 1990 жылы туған, қазақ, МКҚК  Ақтөбе  облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас есепші, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Уайсбаева Бакытгуль Каскырбаевна, 1963 жылы туған, қазақ, МКҚК Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансері аудармашы, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттарға сәйкесінше куәліктер берілді.

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button