Ауыл

Ата аруағына тағзым

Мұғалжар стансасында Құлқай әулиеге шырақшы үйінің ашылуына орай ас берілді.

Қабақтың Жарасынан тарайтын Құлқай Түменбайұлының әулиелігі жайлы ел ішінде сан тарау әңгіме бар. Соның бірі сонау алғаш теміржол салынған тұсқа келеді. Кеше салып кеткен жол бүгін барса, шашылып жататын болған. Қатты дағдарған құрылысшылар ел үлкендеріне жүгінуге мәжбүр болыпты. Ақсақалдар: «Бұл жерде мықты әулие кісі жерленген. Сендер «талпақ танауларыңның» бірін мауыздаңдар, — деген ғой. Содан барып іс оңға басады. Келесі бірде ата басындағы тасқа қызығып, диірмен жасаған ауыл тұрғынының бір аяқ, бір қолы жансызданады. Тасты садақа беріп, орынына апарған соң тәуір боп кетеді.  Ел аузындағы естеліктер осылай сөйлейді.

Сонау ата басы қарайтылғаннан бері шырақшы үйіне деген мұқтаждық сезілетін. Ауырып-сырқаған адамдар келсе де, қыстың боранында көлігі батқан не бұзылған жолаушы паналаса да ұзын жолдың бойындағы ата үйінің есігі әр кез ашық болары анық.

Осы шаруаның басы-қасында жүріп, көп көмегін берген станса азаматтарына Құлқай ата ұрпақтары дән риза.

С.ХАЙРУЛЛАҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button