ДенсаулықЖаңалықтар

Еліміздегі алғашқы имплант өндірісі Ақтөбеде іске қосылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірге медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша бірлескен өндірісті құруға байланысты мәселелерді талқылауға келген беларустық «Медбиотех» ғылыми-өндірістік бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

Айта кетейік, 2016 жылы қыркүйекте облыс әкімдігі мен компания арасында бірегей жобаны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған-ды.

«Медбиотех» компаниясы 24 жылдан бері медициналық мақсаттағы имплант бұйымдар мен ғылымды көбірек қажетсінетін  технология өндірісін әзірлеумен айналысады. Белорустер Қазақстан нарығын зерттей келе, Ақтөбе облысын анағұрлым болашағы зор деп таныды. Нәтижесінде алдағы жылы жоғары технологиялы медициналық өндіріс құрылатын болады. Бұл еліміздегі алғашқы имплант өндірісі болмақ.

— Елбасы саясатының арқасында денсаулық сақтау саласына үлкен мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатқанын сезініп отырмыз. Батыс аймағының тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін өңірде «Aktobe medical center» медициналық кластері құрылды. Бұл тұрғындарға кардиохирурия, нейрохирургия, трансплантология, неонталогиялық хирургия және басқа аурулардың диагнозын қою мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің түрлерін және көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың бірден-бір бағыты —травмотология және ортопедия саласында емдеудің  инновациялық әдістерін енгізу. Жыл сайын 300-ге жуық жамбас және тізе буындарын импланттау отасы жасалады.

Осыған байланысты біз бірлесіп шығарғалы отырған медициналық мақсаттағы бұл бұйымдарға сұраныс болады деп ойлаймын, — деді облыс әкімі.

«Медбиотех» ҒӨ ЖШБ бас директоры Владимир Горбатский өз кезегінде бірлескен жоба аясында  жергілікті дәрігерлерді Беларусь еліндегі  нейрохирургия және травмотология бағытындағы ірі ғылыми орталықтарда оқыту және тәжірибеден  өткізу жоспарлануда екенін айтты.

— Ақтөбедегі денсаулық сақтау саласына қатысты жасалып жатқан жұмыстарды, салынып жатқан құрылыстарды көріп таң қалдық. Сіздің өңірдің осы заманғы озық технологияға бағыт ұстап отырғанын көріп отырмыз, біз өзара тәжірибе бөлісуге дайынбыз, — деп атап өтті В.Горбатский.

Облыс басшылығы жобаға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button