Ресми

Ақтөбе қаласының тұрғындары назарына!

Ақтөбе қаласының әкімдігі алқабиге кандидаттар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 «Алқабилер туралы» Заңына сәйкес сайлаушылар тізімі негізінде кездейсоқ таңдау әдісімен Ақтөбе қаласы бойынша 2018 жылға арналған алқабиге кандидаттардың алдын-ала бастапқы тізімі жасалды.

Аталмыш тізім Ақтөбе қаласы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында холлда: Т.Ахтанов көшесі, 50 мекенжайы бойынша орналастырылған.

Қала тұрғындарын 2017 жылдың 22-28 қыркүйегі аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін алқабиге кандидаттардың алдын-ала бастапқы тізімімен танысуға шақырамыз.

Анықтама үшін телефон: 41-63-56.

 Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі .

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button