Денсаулық

Аллергия ас арқылы да келеді

Күнделікті тамақтанар алдында мұқият болған жөн. Себебі, тағамдық аллергия сырқаты көптеген аста кездеседі.

Тағамдық аллергия көбіне көкөніс  пен балықта, мал өнімдерінде кездеседі. Сондықтан тамақтанар алдында тағамды тазалап, баппен жеген жөн. Аз немесе шамадан тыс тамақтану асқазан секрепциясын бұзады және гастрит, гиперсекреция ауруларын тудырып, тағамдық аллергияның қалыптасуына жол ашады.

Егер жүкті әйелдер тамақтану режимін бұзса не балық пен құс өнімдерін жиі пайдаланса бұл сырқатқа дереу шалдығады. Сонымен қатар сәбиді жасанды  тамақтандыруға ерте жастан ауыстырса немесе мөлшерден артық тамақтандырса аталған сырқатқа кеңінен жол ашады.

Тағамдық аллергияның ең ауыр түрі — анафилактикалық шок. Сырқаттың бұл түрі 4 сағаттың ішінде дамып, естен тану, құрысу, тұншығу, іш өту, құсу секілді белгілермен көрінеді.

Аталған сырқатқа шалдыққан адамда  терідегі өзгеріс пен аллергодерматоз жиі таралады. Терідегі өзгеріске түрлі бөртпелер, жара, есекжем, квинке ісігі және атопиялық дерматит жатады. Сырқаттың алдын алу үшін дұрыс тамақтана білу қажет. Ал жүктілік кезінде аллергияны күйшейтетін тағамдарды шектеу арқылы гипоаллергендік диетаны сақтау керек. Тағамдарға аллергиясы бар балаларды аллерголог дәрігерге уақтылы қаратып, тиісті ем-домды қолданғаны жөн.

Айнұр ЕРМЕКБАЕВА,

темір жол ауруханасының дәрігер-аллергологы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button