Ресми

«Туған жерім — нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласындағы Мұғалжар ауданының күндерін өткізу іс-шараларының бағдарламасы

15 қыркүйек

10.00 — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Туған өлкенің қос жұлдызы» шарасы: гүл шоқтарын қою рәсімі;  кәсіби суретші Жәнібек Есенғұловтың сурет көрмесі; ағайынды Жұбановтар Мемориалдық музейінің жылжымалы көрмесі; Жұбановтардың ұрпақтарымен кездесу; тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахматтан университет студенттері арасында жарыс (бағалы сыйлықтар).

11.00 — «Қайырымдылық жылы жүректен» атты қайырымдылық шарасы: «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығындағы» мүмкіндігі шектеулі адамдарға концерт қою; мүмкіндігі шектеулі жандарға косметологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; Ақтөбе қаласының сал азаматтарды қолдау орталығына бағалы және ақшалай сыйлық табыстау.

Өтетін орны: «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы».

14.00  — М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі» шарасы: гүл шоқтарын қою; әскери әдіс-тәсіл көрсету; концерттік бағдарлама; М.Бөкенбаевтың ұрпақтарымен кездесу; мұғалжарлықтар мен институт курсанттары арасында волейболдан жолдастық кездесу; институт курсанттарының ұйымдастыруымен қоян-қолтық күрестен үлгілік өнер көрсету.

16.00 — «Шәмшінің әні» спектаклі.

Өтетін орны: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры.

19.00 — «Сол бір кез есімде…» ретро ән-би кеші.

Өтетін орны: Пушкин саябағы.

16 қыркүйек

08.00 — «Өрісі өркендеген Мұғалжар» ауылшаруашылық жәрмеңкесі:

—  ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі;  концерттік бағдарлама; базар алаңында ұлттық спорт түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастыру;  су тасқынынан зардап шеккен, тұрмысы төмен, көпбалалы 20 отбасыға азық-түлік тарату; халыққа тегін дәм ұсынуды ұйымдастыру.

Өтетін орны: «Табыс» коммуналдық базары.

10.00 — «Мәңгі өшпес есімдер» атты көше мерекесі: концерттік бағдарлама; көше тұрғындарын түрлі номинациялар бойынша марапаттау, ақшалай ұтыс ойыны;  тоғызқұмалақ, дойбы, шахматтан шеберлік кластары; қолөнерден шеберлік кластары; балаларға арналған шара; көше тұрғындарына дәм  тарату, арнайы тігілген киіз үйде ас беру; флешмоб; көрермендерге күнтізбелер тарату.

Өтетін орны: Ағайынды Жұбановтар көшесі

18.00 — «Мұғалжар — туған байтағым» атты қорытынды мәдени-көпшілік шарасы:

этноауылда салт-дәстүр көріністері; көрермендер арасында «Түйе палуан» ұлттық ойыны; суретшілер Есет Исмаилов пен Дина Умарованың сурет көрмелері;  театрландырылған көрініс; қазақ эстрадасының жұлдыздары Жанболат пен Жазира және  ауданнан шыққан республикаға, облысқа  танымал өнерпаздардың гала концерті; мерекелік от шашу

Өтетін орны: Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button