Ауыл

Жайлы тұрғын үйлер жастарға беріледі

Жайлы тұрғын үйлер қалаларға ғана емес, ауылдарда да керек. Өйткені оларда өңірді өркендетемін деген жастар тұруға тиіс. Осыны ескеріп және әлеуметтік жауапкершілік міндетін ұмытпай «Наурыз СИМ» жауапкерішлігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ибрагим Сәрсенбаев Ырғыз ауданының орталығынан жеті пәтерлі екі қабатты үйдің құрылысын қолға алды.

Оның құрылысы осы күзде аяқталады деп күтілуде. Құрылысты жүргізіп жатқан серіктестіктің басшысы бұл мекенжайға жетім балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан жеті отбасын көшіріп әкелу ойы барын айтты. Өйткені жыл сайын өндірісі ұлғаю үстіндегі серіктестікке жаңа жұмыс күші керек. Сондықтан жаңа пәтерлерге ие болатын отбасылардың мүшелеріне беретін серіктестіктің жұмыстары да дайын. Тіпті олардың балаларын балабақшаға орналастыруды да мойынына алмақ. Қажет болса, жаңа отбасыларының мүшелерін қосымша оқытып, ауылда жоқ мамандықтарды игеруге жағдай жасамақ.

Бұл салынып жатқан тұрғын үй ауласында бау-бақша егуге де мүмкіндік бар. Тіпті бірлі-екілі мал ұстауға да болады. Осының бәрі жаңа құрылысты жобалау барысында ескерілген.

А.ШҰҒАЕВ,

Ырғыз ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button