Басты жаңалықтар

Облыс әкімі Мәртөк ауданында болды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданында болып, егін орағы жұмыстарымен танысты, сондай-ақ орта мектеп мен дәрігерлік амбулатория құрылыстарын қарады, бірнеше шаруа қожалықтары қызметін аралап көрді.

Родниковка селосында 320 орындық орта мектеп құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытты мектептің үшінші қабаты көтеріліп, әрлеу жұмыстары қолға алынды. Мектеп алдағы қараша айында оқушыларға есігін ашпақшы. Осы ауылда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 70 адамды қабылдауға есептелген дәрігерлік амбулатория да салынуда, ол қазан айында пайдалануға берілмек.

Облыс басшысы «Родники» ЖШС егін орағы жұмыстары барысын қарады. Серіктестік директоры Василий Бондарев ағымдағы жылы 19 мың гектар алқапқа егіс салғандарын айтты. Қазір 14 мың гектардың өнімі жиналып алынған. Бидайдың орташа өнімділігі 12,2, арпа 13,7 центнер құрайды. Шаруашылықта 136 адам жұмыс істейді. 18 комбайн, 47 әмбебап трактор, 10 жүк автомобилі бар.

— Ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде сүтті, етті бағыттарды дамыту, өнім өңдеу, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрылымдау үшін, Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау үшін барлық жағдай бар. Тағы бір маңызды мәселе суармалы жерлерді ұлғайтуға байланысты. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін аймаққа қосымша 10 миллиард теңге қаржы бөлінетін болады. Бұл бізге суармалы жерлерді 10 мың гектарға көбейтуге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығын дамытуға арналған «Алтын асық», «Сыбаға» бағдарламалары жұмыс істеуде, оларды тиімді және толығымен игеру қажет,— деп тапсырды Бердібек Сапарбаев аудан басшылығына.

Мәртөк селосында болған кезінде облыс әкімі жаңа әкімшілік ғимарат пен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автомагистралі бойында орналасқан жол бойы сервисін қарады. Жергілікті кәсіпкер кемпинг тұрғызып, жиһаздар, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету стансасы мен көлік жууға қажетті жабдықтар сатып алған.

Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жетіспейтін инфрақұрылымдар — газ, электр желісін, су құбырын және автожол жүргізуге 60 миллион теңге бөлінді. Жаңа құрылыс 40-тан астам жұмыс орнын құрылымдауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Бердібек Сапарбаев бірнеше шаруашылықтарды аралады. Олардың қатарында ірі қараның терісін алғашқы өңдеумен шұғыданатын «А.С.Ар. Аз.Г» шаруа қожалығы бар. Өндірістік цехтың жобалық қуаты айына 180 тоннаны құрайды. Тері сатып алу Мәртөк ауданы мен Ресейдің іргелес облыстары, Башқұртстан, Татарстан аумақтарында жүргізіледі. Бүгінгі күні 36 тонна тері сатылып алынып, өңделді, итальяндық әріптеспен жартылай фабрикатты өткізу бойынша келісімшарт жасалды.

Облыс басшысы «Мәртөк сүт» ЖШС-ында болды. Кәсіпорын 2004 жылдан бері сүт өңдейді, қаймағы алынбаған өнімдерді өндіреді. Өндірістік қуаты тәулігіне 30 тонна құрайды, дайын өнімдер ауданның және Ақтөбе қаласының кәсіпорындарында және базарларында сатылады.

5 гектар аумақта көкөніс өсірумен шұғылданатын «Баймағамбетов» жеке кәсіпкерлігі қызметі басшылықтың қызығушылығын тудырды. Фермерлер ауданда және Ақтөбе қаласының коммуналдық базарларында жас қызанақ, қияр, баклажан, қырыққабат, сәбіз, кәді өнімдерін өткізеді.

«Рад Агро» ЖШС жүгері алқаптарында да жұмыс қызу жүруде. Шаруашылықтың 8 мың гектардан астам алқабы бар, оның 3 мың гектары егістік те, 4,8 мың гектары жайылымдық. Биылғы жылы шаруашылық «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша суармалы жүйе үшін инфрақұрылымдар құрылысына 44 миллион теңге қаражат алды.

Облыс басшысы 1999 жылдан бері сүт өңдеумен шұғылданатын, облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі «Айс» сүтті-тауарлы фермада болумен аудандағы жұмыс сапарын қорытындылады. Бүгінгі күні серіктестіктің базасында сүт кластері ұйымдастырылып, оның құрамына 40-тан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары — сүт өндірушілер енді. Мұнда өңір басшысын ірі қараға арналған мал азығын өсіру және дайындау процесімен таныстырды.

Өндіріс жөніндегі директор Армен Хуршудяннің айтуынша, кәсіпорынның суармалы алқабы 825 гектар құрап, гектардың орташа өнімділігі 420 центнерден айналады.

Жалпы алғанда, «Айс» ЖШС-да 2000 шамасында ірі қара бағылады, оның 750-і сауын сиырлар. Күнсайын 22 тоннадан астам сүт өндіріледі. Ал жылдық өнім 7,5 мың тоннадан асады. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта 240 басқа арналған тағы бір қора салынбақшы, сонда сүт өндіруді 7,5 мың тоннадан 9 мың тоннаға жеткізуге болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button