Білім

Жатақханаға жолдаманы үйден алады

Студент

 М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенттері жаңа  жатақханаға орналасуға жолдаманы үйде отырып-ақ ала алады. Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастар бұрынғыдай кезекке тұрмайды. «Сириус» бағдарламасы арқылы сұраныс жолдап, ақысын төлеп, ордер алуына болады. Құрылысы биыл аяқталған жаңа жатақхана 930 орынға есептелген. Бұл жерде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс, интернет бөлмелері жұмыс істейді. Бөлмелерде тұрмыстық техникаға дейін бар. Жатақханадан орын алу үшін жеңілдік  тұл жетім және ата-ана қарауынсыз қалған студенттерге ғана жасалады. Тиісті құжаттарын көрсеткен жағдайда тегін орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Мүгедектерге де  кезектен тыс жеңілдіктер бар.

Батыс өңірдегі  жалғыз медицина университетінде бүгінде 6000-ға  жуық студент оқиды. Оқу орны биыл қазан айында 60 жылдық мерейтойын тойлауды жоспарлап отыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button